Тұрғындардың бірыңғай картасы


«Smart Астана» жобаларын толық көлемде іске асыру қорытындылары бойынша қала тұрғындары мен қонақтары барлық смарт-сервистерге төлем жүргізу үшін бірыңғай карточка алу мүмкіндігіне ие болады.

«Тұрғындардың бірыңғай картасы» аталмыш карта иесі туралы жеке ақпаратты (АЖӘ, электронды әмиянның ағымдағы балансы, ерекше сәйкестендіру нөмірі және т.б.) қамтитын болады.

Электронды әмиянды интернет-портал немесе төлем терминалдары арқылы толтыру мүмкін болады.

«Тұрғындардың бірыңғай картасы» кезең-кезеңмен енгізіледі. Бірінші кезекте, карталарды қоғамның осал тобы, оқушылар мен студенттер алады. Алдағы уақытта карта астананың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді болады.



Бірінші кезеңде Тұрғындардың бірыңғай картасы арқылы пайдаланушылар:

  • 1

    Автобуста жүру жолын төлей алады;

  • 2

    Емханаларда кезекке тұра алады;

  • 3

    Оқушылар осындай пластикалық карталардың көмегімен мектепке турникет арқылы өтеді және асханаларда түскі тамақ үшін төлем жүргізеді.

Smart Astana кейбір жобалары
«Астана Innovations» АҚ.
© 2013-2015. Барлық құқықтар қорғалған.
Жеке-кәсіпкер
нұсқаулығы
Инструкция
предпринимателя