Smart Мектеп

Пилоттық жоба Астана қаласының № 3 ОМ және № 15 ОМ базасында іске асырылды





Жоба мақсаты қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мектеп процесстерін автоматтандыру болып табылады.

Smart мектеп келесі компоненттерден құралған: ҚББЖ (қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі), бейнебақылау, e-асхана, е-кітапхана және жеке кабинет

ҚББЖ
Мектеп ғимаратына кіруді бақылау, оқушының сабаққа қатысуы туралы ата-аналардың телефонына SMS-хабарлама жіберу.

Бейнебақылау жүйесі
Көріністі нақты уақыт режимінде жүктеу, қолмен/автоматты түрде жазу, бейнеақпаратты жаңғырту және сақтау, тыныс-тіршілікті кешенді қамтамасыщ ету жүйесімен біріктіру.

E-асхана
Асханада электронды төлемді енгізу жеке кабинет арқылы оқушының тамақтану мөлшерін бақылауға мүмкіндік береді.

Е-кітапхана
Кітаптардың электронды мәліметтер базасын пайдалану, кітапхана қорының ақпараттары бойынша тез іздеу, оқырмандардың электронды картотекасы, кітаптарды беру процесі тездетілген.

Жеке кабинет
Жобаның кіші жүйесімен өзара әрекет ету, оның көмегімен ата-аналар мектепке бару статистикасын, кешігулер санын, кітапхана қорын пайдалану тарихын және асхана мен буфеттегі шығындар статистикасын көре алады



Күтіліп отырған нәтиже:

  • 1

    бөтен адамдардың мектеп ғимаратына кіруін болдырмау;

  • 2

    штаттан тыс жағдайлардың алдын алу;

  • 3

    мектеп асханаларында оқушыларға қызмет көрсету жайлылығы, оқушыларға түскі асқа берілген ақшаның тек мақсат бойынша пайдаланылуы;

  • 4

    заманауи технологияларды қолдану кітапхана қорын пайдалануды анағұрлым тартымды қылады;

  • 5

    бейнебақылау және қолжетімділікті бақылау жүйесінің материалдарын регламенттелген уақыт ағымында жазу және сақтау.

Smart Astana кейбір жобалары
«Астана Innovations» АҚ.
© 2013-2015. Барлық құқықтар қорғалған.
Жеке-кәсіпкер
нұсқаулығы
Инструкция
предпринимателя