Smart Payments

Қызметтерді электронды форматта төлеудің тағы бір қосымша сервисі.



Жоба мақсаты пайдаланушының барлық төлемдерін төлеу үшін бір шот құру болып табылады.

Жоба коммуналдық қызметтерге төлемді бірыңғай төлем құжаты арқылы төлеу механизмі сияқты.

Smart payments – бұл коммуналдық қызметтерді электрондық форматта төлеу, ол пайдаланушыға сумен жабдықтау, суды кетіру, газбен жабдықтау, коммуналдық қалдықтарды шығару, тұрмыстық-пайдалану шығыстары, электроэнергия, жылу, телекоммуникация қызметтері үшін шоттарды төлеуге мүмкіндігін береді.

Сондай-ақ, «Дербес деректемелер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын есепке ала отырып жеке кабинетте төлемдер тарихы сақталатын болады.

Электронды әмиянды төлем терминалдары және банк карталары (Visa) арқылы толтыруға болады.



Күтіліп отырған нәтиже:

  • 1

    Бірнеше ұйымға бару қажеттілігінсіз, барлық төлемдерді бір жерде тез төлеу мүмкіндігі.

  • 2

    Интернет-портал арқылы бір шоттан әкімшілік айыппұлдарды, салықты, көліктегі электронды билеттерді, тұрақ талондарын, емхана қызметтерін төлеу және оқушылардың тамақтануы үшін ақы төлеуді жүргізуге болады.

Smart Astana кейбір жобалары
«Астана Innovations» АҚ.
© 2013-2015. Барлық құқықтар қорғалған.
Жеке-кәсіпкер
нұсқаулығы
Инструкция
предпринимателя