Астана қаласының интеллектуалды байланыс орталығы

Интеллектуалды байланыс орталығы ТТКҚЖ (Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі) кіші жүйелерінің бірі болып табылады.

Жоба мақсаты азаматтардың қалалық қызметтермен және мекемелермен тиімді байланысын қамтамасыз ету болып табылады.

Орталық қалалық қызметтерге (әкімдік мекемелері, коммуналдық-авариялық-диспетчерлік қызметтер, анықтамалық қызметтер және т.б.) келіп түсетін кіріс өтінімдерін кәсіби өңдеуді жүзеге асырады.



Интеллектуалды байланыс орталығы:

  • 1

    Азаматтардың барлық жүгінімдерін орталықтандыруға;

  • 2

    Халықты қалалық қызметтер туралы ақпараттандыру тәсілін кеңейтуге;

  • 3

    Байланыс каналдарының барлық түрлері бойынша (телефон, электронды пошта, web-портал және әлеуметтік желілер арқылы) жүгінімдерді қабылдауды қамтамасыз етуге;

  • 4

    Жүгінімдердің артықшылықтарын және жүгінімдердің нақты түрлеріне регламентпен белгіленген мерзімдерді есепке ала отырып, өтінушілердің барлық жүгінімдерін сапалы және тез өңдеуді қамтамасыз етуге;

  • 5

    Қалалық қызметтерді орындау тиімділігі бойынша статистика жүргізуге мүмкіндік береді.



Өтінішті қалай жіберу


  • Порталда авторлану және «Өтінішті жіберу» батырмасы бойынша өтіңіз.
  • Электрондық өтініш нысанын толтырыңыз және оны ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз.
  • Жеке кабинетте («Менің өтініштерім» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  • Сонымен бірге, сіздің өтінішіңіз бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты алу үшін 109 нөмірі бойынша сіз Астана қаласының Интеллектуалдық байланыс-орталығына хабарласа аласыз.
Smart Astana кейбір жобалары
«Астана Innovations» АҚ.
© 2013-2015. Барлық құқықтар қорғалған.
Жеке-кәсіпкер
нұсқаулығы
Инструкция
предпринимателя