Smart Көше жарығы

«Пилоттық» жоба үшін алаң ретінде Астана қаласы, Есіл ауданы, Еңбекшілер көшесіндегі участок таңдалды.ілер, Есильского р-на г. Астаны.





Жоба мақсаты электр энергиясын пайдалануды және көше жарығының пайдалану шығындарын азайту болып табылады.

Көше жарығы жүйесінің жұмыс режимдерін икемді баптау мүмкіндігі бар. Диспетчер жарықтың қосылу/өшу кестесін белгілей алады, сондай-ақ жарықтың қосылу және өшу уақыты жарық көлеміне байланысты анықталатын автоматты режимді орнатуына болады. Шамдардың жағдайы және жұмыс режимі туралы мәліметтер, сондай-ақ жүйені басқару құрылғылары диспетчердің экран мониторында көрсетіледі.

Реттеу функциясы жарықтандыру жабдығының қуатты пайдалануын басқаруға мүмкіндік береді. Бағдарламалық қамтамасыз етуде әр шамды бөлек басқару, және таңдалған бірнеше шамдарды басқару мүмкіндігі бар. Байланыс сымсыз да (радио, GSM) және сым арқылы да (PLC) жүзеге асырылады.

Smart жобаларды Милан әкімі Джулиано Пизапиге көрсету барысында қала әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу шеңберінде негізгі жобалардың бірі «Smart» көше жарығы» болуы мүмкін екенін ерекше атап айтты.



Күтіліп отырған нәтиже:

  • 1

    48% дейін электр энергиясын үнемдеу.

  • 2

    Жарықтандырудың 50 % реттеу режимін қолдану есебінен көлемі 13,6 % электр энергиясын қосымша үнемдеу.

  • 3

    Жүйе шамдардың жағдайы туралы ақпаратты диспетчердің мониторына жіберетіндіктен, бригадалардың шығуы және тексеруі шығындарының айтарлықтай қысқаруы.


Smart Astana кейбір жобалары
«Астана Innovations» АҚ.
© 2013-2015. Барлық құқықтар қорғалған.
Жеке-кәсіпкер
нұсқаулығы
Инструкция
предпринимателя