Smart емхана

Пилоттық жоба Астана қаласының «№ 4 қалалық емханасында» іске асырылды.





Астана қаласының №4 қалалық емханасының веб-сайтында дәрігердің қабылдауына онлайн режимінде жазылуға болады.


Жоба мақсаты ішкі және сыртқы процесстерді автоматтандыру есебінен медицина саласының жұмыс істеу сапасын жақсарту болып табылады.


«Smart емхана» жобасы уақтылы, маңызды, дәлелді медициналық ақпарат ұсыну жолымен үздіксіз медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге және алғашқы медико-санитарлық көмек тобын күшейтуге арналған механизм болып табылады.


«Smart емхана» шешетін басты міндеттердің бірі, - ол дәрігерге, диагноз қоб барысында шұғыл түрде дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті элементтерді қамтитын құралды ұсыну.


Жоба арқасында зертханалар өнімділігі айтарлықтай артады, зертханалық ақпараттық жүйенің емдеу-профилактикалық мекемесінің медициналық ақпараттық жүйесімен бірігуі барысында, зерттеу нәтижелерінің бірыңғай мәліметтер базасы емделушінің барлық емдеуші дәрігерлеріне талдау нәтижелеріне қолжетімділікті ашады.


Күтіліп отырған нәтиже:

  • 1

    Кезектердің азаюы;

  • 2

    Дәрі-дәрмектерді белгілеу және қаралуға жіберу барысында дәрігер қателіктері санын азайту;

  • 3

    Диагностикалық зерттеулердің нақтылығын, жеделдігін және ақпараттылығын арттыру, бұл белгілі бір уақыт мерзімінде созылмалы аурулардың асқынып кету жағдайлары санын азайтуға және аурушаңдықтың жалпы азаюына алып келеді;

  • 4

    Емдеудің бекітілген стандарттарға сәйкестігі дәрежесін арттыру.

Smart Astana кейбір жобалары
«Астана Innovations» АҚ.
© 2013-2015. Барлық құқықтар қорғалған.
Жеке-кәсіпкер
нұсқаулығы
Инструкция
предпринимателя