Smart Астана

Smart Astana - Елбасының 2013 жылғы 22 сәуірдегі №01-7.6. «Астана қаласының әлемнің «50 ақылды» қалалары рейтингіне енуі бойынша шараларды жоспарын әзірлеудің қажеттігі туралы» тапсырмасы бойынша Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылатын астананың тұрақты дамуы тұжырымы.

АҚЫЛДЫ ҚАЛА ӨЗ АЗАМАТТАРЫ ҮШІН ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТАДЫ.

Бағдарлама халықтың өмірінің сапасын және әл-ауқатын арттыру, Астананың инфрақұрылымын және қоғамдық қауіпсіздігі деңгейін жақсартуға және жаңғыртуға бағытталған.

ИННОВАЦИЯЛАРМЕН ЖӘНЕ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚҚАНДЫ ҚАЛА

Smart Astana жобасы негізінде, 6 сипаттаманың өзара әрекетіне негізделген еуропалық ақылды қалалардың дамуы үлгісі жатыр:
Ақылды экономика, Ақылды басқару, Ақылды өмір, Ақылды ұтқырлық, Ақылды адамдар және Ақылды қоршаған орта. Барлық осы жұмыс істеп тұрған сипаттамалардың синергиясы «Smart қаланың»Тұжырымдамасын береді. Әлемдік практика көрсеткендей, «Smart қала» энергия қорларын, коммуналдық желілерге қызмет көрсету шығындарын үнемдеу және жолдардағы апаттылықты төмендету бөлігінде тиімді реттеуіш болып табылады.

Қазіргі таңда «Астана Innovations» АҚ Астана қаласының әкімшілігінің қолдауымен «Smart қаланың» 4 пилоттық жобасын жүзеге асырды:
«Smart емхана», «Smart мектеп», «Smart көшені жарықтандыру» және «Smart payments». Бұларды жүзеге асырудың негізгі ерекшелігі инвестициялық құралдар есебінен қаржыландыру болып табылады.



«Астана Innovations» АҚ.
© 2013-2017. Барлық құқықтар қорғалған.